Фото: ҚР ТЖМ

Жамбыл облысында оқыс оқиға орын алды. Жолаушылар мінген қаларалық автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды Todayinfo.

Апат бүгін Шу ауданында Алматы-Ташкент автожолының 245 шақырымында орын алған. Аударылған автобустың жолаушыларын құтқарушылар жақын маңдағы кафеге жеткізген.

««Жолаушылар мінген автобус аударылып қалды. Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу аттанып, 9 адамды жақын маңдағы жол бойында тұрған кафеге эвакуациялады», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.»

Жараланғандар туралы ақпарат жоқ.