Жамбыл облысында 2007 жылы туған жігіт мал жаюға шығып, үйіне оралмаған, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Іздестіру тобы жоғалған малшыны Үшбас ауылы маңындағы Көкбастау жайылымынан шамамен 15 шақырым жерден тапты. "Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Медициналық көмек қажет болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары жұмылдырылды. Іздестіру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинологиялық есептоп, спутниктік байланыс терминалдары және Starlink жүйесі қолданылды.