Жамбыл облысының Байзақ ауданында 15 жастағы оқушы қаза болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жасөспірімдер арасындағы төбелес кезінде оқушы дене жарақатын алған. Соның салдарынан ол көз жұмды.
Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті.
Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында.
