Жамбыл облысында сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатының қолданысы уақытша тоқтатылып, 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше, министрліктің жауапты департаменті аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде аккредиттелген сынақ зертханасына жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижелері

Анықталғандай, зертхана қолданыстағы аккредиттеу саласына кірмейтін объектілер мен сынақ әдістері бойынша сынақтар жүргізіп, олардың нәтижелерін рәсімдеген. Бұл — аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарының бұзуы.

Салынған айыппұл

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша заңды тұлғаға жалпы сомасы 930 айлық есептік көрсеткіш, яғни 4 022 250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", — деп жазылған хабарламада.

Қосымша әкімшілік жаза ретінде аккредиттеу аттестатының қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылды.