Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысында "Шу" автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталады. Үкімет бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді. Стансаны іске қосу жылыту маусымында газ тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

"Қазіргі таңда ауданды табиғи газбен қамту Шу қаласынан 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан 'Қордай' автоматтандырылған газ тарату стансасы арқылы қамтамасыз етіледі. Аталған стансаның қуаты тұтыну көлемінің өсуіне есептелмеген", - деп жазылған хабарламада.

Жаңа нысанды пайдалануға беру инфрақұрылымдық шектеулерді жойып, тұрғын үй секторын, орталық қазандықты және кәсіпкерлік нысандарын көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етеді.

Жалпы жоба Шу және Мойынқұм аудандарының 84 мың тұрғынын тұрақты газбен қамтуға, сондай-ақ жаңа абоненттерге техникалық шарттар беруді қайта бастауға мүмкіндік береді.

Бүгінде құрылыс алаңында 29 қондырғы мен жабдықтар жиынтығы орнатылып, блокаралық коммуникациялар қосу жұмыстары жүргізілуде.