Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылы маңындағы Балқаш көлінде құтқарушылар екі балықшыға көмек көрсетті. Екі азамат жағалаудан шамамен 15 шақырым қашықтықта қайықта болған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайық қозғалтқышының істен шығуына байланысты олар өздігінен жағаға жете алмаған. Құтқарушылар оқиға орнынан екі балықшыны эвакуациялап, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құтқару жұмыстары сәтті аяқталды.

Құтқарушылар су айдынына шығар алдында қайықтың және қозғалтқыштың жарамдылығын тексеріп, құтқару кеудешелерін киіп, байланыс құралдарын өзімен бірге алып жүру қажеттігін ескертеді.