Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны қауіпті дрифт жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, түнгі уақытта бейнебақылау камераларының біріне BMW автокөлігімен қауіпті дрифт жасау дерегі тіркелген. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ұстады.
Ол облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғаны үшін ол сот шешімімен 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Полицейлердің айтуынша, автомобиль жолдарында дрифт жасау және жол қозғалысына қауіп төндіретін өзге де қауіпті маневрлер жасау заңнамада көзделген жауапкершілікке, оның ішінде әкімшілік қамауға әкеп соғады.
