Қордайда балабақшада тәрбиеші екі жасар баланы ұрған. Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы желідегі парақшасында жазды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, 5 қазанда ұлын балабақшадан дене жарақаттарымен алып шыққан. Бастапқыда қызметкерлер мұны "балалардың өзара төбелесі" деп түсіндірсе, кейінірек тәрбиеші "балаларды ажыратамын деп байқаусызда тиіп кетті" деген сылтау айтқан.

Балабақша басшылығы бейнежазбаны көргеннен кейін сол күні тәрбиешімен еңбек шартын бұзған. "Аталған дерекке қатысты "кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр", - дейді полиция. Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті процестік шешім қабылданатын болады.