Жамбыл облысында прокуратура тексеруінен кейін ондаған азаматтық қызметшіге ұзағырақ демалыс және сауықтыру төлемдеріне құқығы қайтарылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі мен оған қарасты мекемелер 58 қызметкерге 24 күнтізбелік күн демалыс беріп, тиісті сауықтыру жәрдемақысын төлемегені анықталды.

«Бұл еңбек заңнамасының талаптарына қайшы келеді. Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес, азаматтық қызметшілер 30 күнтізбелік күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына және сауықтыру жәрдемақысына құқылы», – деп түсіндірді қадағалау органының баспасөз қызметі.

Прокуратура араласқаннан кейін қызметкерлерге өткен жылдардағы тиісті төлемдер қайта есептелді. Нәтижесінде олардың жыл сайынғы демалыстары 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылып, жалпы сомасы 9,8 млн теңге көлемінде жәрдемақы төленді.

Ведомствоның мәліметінше, биыл 30 күндік демалыс және сауықтыру төлемі құқығын 15 қызметкер пайдаланған.

Бұған дейін «Курсив» Қазақстанда Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне еніп, жұмысшылардың қорғалуын күшейткенін жазған болатын. Енді қызметкерге демалысқа немесе ауруға байланысты кеткен әріптесінің міндетін орындау тапсырылса, жұмыс беруші бұл жұмыс үшін қосымша ақы төлеуге міндетті.

2026 жылы демалысты қашан алған тиімдірек екенін осы жерден оқуға болады.