Жамбыл облысында патрульдік полиция қызметкерлері 16 жастағы жасөспірімді құтқарып қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғынынан "102" пультіне қоңырау түскен. Ол жасөспірімнің көлге батып бара жатқанын айтып, көмекке шақырған.
"Жасөспірім балық аулап жүріп, өзенге құлап кеткен. Су ортасында аяғы тасқа ілініп қалып, қайта шыға алмай қалған", – дейді полиция.
Патрульдік полиция қызметкерлері – полицияның аға лейтенанты Махамбет Шаянбаев пен полиция лейтенанты Қасымхан Қалаубек бір секундқа да ойланбастан суға секіріп, жасөспірімді құтқарған. Ол жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Жасөспірімнің жағдайы жақсы.
