Мемлекеттік жәрдемақы алатын адамдарға Push-хабарлама жіберіледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан былай отбасының немесе адамның әлеуметтік санаты емес, мұқтаждық тобы болады. Топтар келесідей бөлінеді:

  • 01А тобы – жоғары деңгей;
  • 02В тобы – ауқатты деңгей;
  • 03С тобы – қанағаттанарлық деңгей;
  • 04D тобы – экономикалық осал деңгей;
  • 05Е тобы – экономикалық және әлеуметтік осал деңгей.

«А» және «В» тобына кіргендерге жәрдемақы берілмейді.

«Жаңылмасам, 522 мың адамға қатысты болып тұр. Қазіргі кезде «А» тобына шамамен 77 мың адам кіреді. Әрбір адамға Push-хабарлама жіберіледі», – деді Жұманғарин Құрылтайда өткен брифингте.

Оның айтуынша, жұмыс жылдың аяғына дейін жалғасады. Ал топты анықтау кезінде қателік болмайды.

Айта кетері, бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жәрдемақы алатын адамдардың жағдайын тексеру тәртібін түсіндірген болатын. Премьер-министр де осы мәселеге қатысты өз ойын айтты.