Қарағандыдағы облыстық аурухана асханасынан жәндіктер табылып, тамақ жеткізуші компанияның үстінен ресми тексеру басталды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Оқиға 10 ақпан күні облыстық ауруханада болған. Медициналық мекемені пациенттерге арналған тамақпен «Маир Групп» компаниясы қамтамасыз етеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шағымнан кейін сол күнгі тамақтың барлық партиясы дереу ауыстырылған. Ал ас жеткізуші компанияның үстінен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына ресми түрде арыз жазылды.
Қазіргі уақытта жауапты мекемелер тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Фото: Әлеуметтік желіден
