Әлемге әйгілі болған қыран Жәки анемия диагнозымен ауыр халде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жәки және оның серіктесі Шэдоу жылдар бойы миллиондаған адамдардың назарын аударды. Оларды Big Bear Eagle Nest Cam арқылы бақылап отырды. Бұл камераны Калифорниядағы Friends of Big Bear Valley коммерциялық емес ұйымы басқарады.
Қыран қазір Ojai Raptor Center ветеринарлық орталығында ем алуда. Өткен аптада анемиясы жақсарғанымен, оның қан көлемі 17%-дан 13%-ға төмендеген.
Бұл оқиға жануарлар әлемінде үлкен резонанс тудырды. Көптеген жанкүйерлер Жәкидің жағдайына алаңдаушылық білдіруде.
