Украина президенті Владимир Зеленский 60 жастан асқан ер азаматтардың келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаруына мүмкіндік беретін жаңа жарлықты бекітті, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Бұл құжатқа сәйкес, жасы 60-тан асқан, бірақ денсаулығы әскери қызметке жарамды деп танылған азаматтар бір жыл мерзімге келісімшарт жасай алады. Қызмет мерзімі аяқталған соң оны ұзартуға да рұқсат етіледі.

Бұл қадам Украина Қарулы күштерінің қатарын тәжірибелі әрі ерікті азаматтармен толықтыру мақсатында жасалып отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден