Украина президенті Владимир Зеленский Patriot жүйелеріне арналған зымырандар пакеті туралы келісімге қол жеткізгенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз бүгін Patriot жүйелеріне арналған зымырандар пакеті туралы келістік, бірақ нақты кіммен келіскенімізді айтпаймын», — деді Зеленский Нью-Йоркте АҚШ-тағы украин қауымдастығының өкілдерімен кездесу кезінде. Ол кездесудің видеосын өзінің Telegram арнасында жариялады.

Дегенмен Зеленский Украина пакеттің бөлігі ретінде қанша зымыран алатынын нақтыламады. Жақында ол Украина Қарулы Күштері әуе қорғанысы зымырандарының жетіспеушілігіне байланысты баллистикалық зымырандарды атып түсіре алмайтынын мойындады.

Жоғарғы Раданың Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және барлау комитетінің басшысы Егор Чернев өз кезегінде Украинадағы әуе қорғанысы жүйелерінің жағдайы қақтығыс басталғаннан бері ең нашар күйде екенін мәлімдеді.