Украина президенті Владимир Зеленский биліктің сайлауды онлайн форматта өткізу мүмкіндігін қарастыра алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша парламент тиісті шешім табуы қажет. Зеленский бұл туралы неміс ZDF телеарнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды ТСН.

Президенттің пікірінше, сайлауды ұйымдастырудағы басты мәселелердің бірі — майдандағы әскери қызметшілердің дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

«Қарулы күштер майданда, олар да сайлауға қарсы, өйткені дауыс беру мүмкіндігі жоқ. Бұл әділ бе? Миллиондаған адамдар окоптарда, және мұны техникалық тұрғыдан ұйымдастыру мүмкін емес», — деді ол.

Ықтимал балама ретінде Украина президенті онлайн дауыс беруді атады. Сонымен қатар ол бұл нұсқа парламенттің шешімін талап ететінін атап өтті.

«Бұл мүмкін, бірақ онда парламент шешім іздеп, табуы керек», — деді Зеленский.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийді сынға алып, Украина келісім жасай алатын жаңа көшбасшы сайлауы керек екенін мәлімдеген.

Бұған дейін «Курсив» АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты реттеу жақындап қалғанын, ал болашақ келісім бүкіл Еуропаға қатысты болуы мүмкін екенін мәлімдегенін жазған.