Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауды тоқтату туралы үндеуін орындау үшін оған шарт қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Егер сіз осы жағдайды шешуге көмектесуімізді сұрасаңыз, әрине, серіктес ретінде көмектесеміз. Бірақ энергетикалық бітім жариялауды сұраймыз», — деді ол Financial Times басылымына берген сұхбатында.
Зеленский егер мұндай келісімге келу мүмкін болмаса, онда Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін алғысы келетінін айтты.
Сонымен қатар, ол журналистерге берген сұхбатында Starlink қызметін пайдалану мүмкіндіктеріне шектеу енгізілуіне байланысты Трампты алдады деп айыптады.
9 қазан, жұма күні Майамиде АҚШ делегациясы Украина өкілдерімен кездесті. БАҚ мәліметінше, кездесу мерзімінен бұрын аяқталған. Бұған Ақ үй басшысының Ресеймен дизель отынын жеткізуге қатысты келісім жасауы себеп болған көрінеді.
Бұған дейін Трамптың өкілдері Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауды тоқтатпаса, Украинаға барлау мәліметтерін беру тоқтатылуы мүмкін екенін ескерткені туралы ақпарат тараған.
