Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесудегі басты мақсаттарын атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздің негізгі басымдықтарымыз – баллистикалық зымырандардан қорғану және Америкамен стратегиялық ынтымақтастық орнату», – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Сейсенбі күні Ақ үй Трамптың Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен, сондай-ақ Зеленскиймен кездесетінін растады.

Ақ үй өкілінің айтуынша, Зеленскиймен кездесуде Ресей мен Украина арасындағы бейбіт реттеу мәселесі талқыланады.