Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді соғысты тоқтатуға ықпал ету үшін 40 күндік науқанды мақұлдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленскийдің айтуынша, науқан Ресейге қысым көрсетуге және қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге бағытталған. Науқанның нақты шаралары туралы ақпарат әзірге жарияланбады.