Украина президенті Владимир Зеленский Financial Times басылымына сұхбат беріп, соғыстың аяқталуға жақын екенін, бірақ Ресейге сенуге болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Украина мен Ресей арасындағы соғыс «аяқталуға жақын». Ол Киевтің Еуропа Одағына 2027 жылы қабылдануы тиіс екенін айтып, нақты мерзімді талап етті.
««Маған нақты күн керек», — деді Зеленский.»
—
Сондай-ақ ол Ресейдің АҚШ-пен келіссөздерде «ойын ойнап отырғанын», ал Владимир Путиннің «нашар актер» екенін жеткізді.
Мәскеу ай сайын 40 мың адамды мобилизациялап, шамамен 35 мың сарбазынан айырылады. Сондықтан соғысты уақытша тоқтатудың орнына, оны толық аяқтау маңызды.
«Украинаға бітім керек — кеше, бүгін, ертең». Алайда қауіпсіздік кепілдігінсіз кез келген атысты тоқтату үлкен тәуекелмен байланысты.
««Донбасты беру соғысты тоқтатады дегенге сенуге болмайды. Ресейге сенім жоқ», — деді ол.»
—
Зеленский Украинаның Ресей әуе қорғанысын айналып өте алатын зымырандарды жаппай өндіруге жақын екенін де айтты. 21 ақпанда украиналық «Фламинго» зымырандары Ресей аумағындағы зауытқа соққы жасаған.
Президенттің пікірінше, АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинаға Ресейге қарағанда көбірек қысым көрсетіп отыр. Дегенмен, ол АҚШ-тың Мәскеуге қысымды күшейтетініне үміттенеді.
Зеленский ең алдымен Украина азаматтарына, армиясына және отандық өндіріске арқа сүйейтінін баса айтты.
