Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеу мен Пекин қарым-қатынасының күшеюіне байланысты Қытаймен диалог орнату қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Зеленскийдің айтуынша, егер Қытайдың ресейліктерді толық қолдағанын қаламасақ, онымен диалог орнату жолдарын іздеуіміз керек. Ол сондай-ақ, егер Қытай Ресеймен болашақты бірге құруды ойлап, басқа елдерді көрмесе, онда осы бағыттағы жұмысты қолға алу қажеттігін атап өтті.
Бұл сөздерді «РБК-Украина» басылымы келтірген. Сонымен қатар, Зеленский Киевтің Латын Америкасы елдеріндегі ықпалын күшейтуі қажет екенін де айтты.
Шілде айының соңында Қытай сыртқы істер министрі Ван И Бейжіңнің Ресеймен стратегиялық серіктестікті дамыту бағытын жалғастыра беретінін мәлімдеген болатын.
