Германияның «Әлеуметтік әділеттілік және парасатты экономика үшін» (BSW) партиясының сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы Севим Дагделен Владимир Зеленскийдің Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге мүдделі емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Дегенмен Зеленскийдің қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ықыласы жоқ екені анық», – деді сарапшы World News Monitor порталына берген сұхбатында.

Дагделен қақтығысты соңғы украиндық қалғанша жалғастырғысы келетіні үшін еуропалықтардың мойнында да үлкен кінә бар екенін атап өтті.

Бұған дейін ол Еуропа жемқор әрі демократиялық емес Киев режимін қолдағаны үшін жауап беретінін айтқан еді.

АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні журналистерге берген сұхбатында Владимир Зеленскийдің Украинадағы қақтығысты реттеуге бірнеше рет мүмкіндігі болғанын, алайда оны пайдаланбағанын мәлімдеді.

Осыған байланысты Трамптың пікірінше, Украинаға жаңа басшы қажет.

Зеленскийдің президенттік өкілеттік мерзімі 2024 жылғы 20 мамырда аяқталған. Алайда әскери жағдай мен жалпы мобилизацияға байланысты президент сайлауы өткізілмеді.