Украина президенті Владимир Зеленский Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп арасындағы жылы қарым-қатынасқа назар аударды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мұның дұрыс немесе бұрыс екенін білмеймін. Өйткені Путинмен дос болу-болмау – Трамптың жеке шешімі. Менің ойымша, олардың қарым-қатынасы өте жақсы», – деді ол ABC арнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол өзінің АҚШ басшысымен қарым-қатынасында нақты ненің дұрыс болмағанын түсіндіре алмады. Сондай-ақ Киев режимінің басшысы АҚШ-қа опасыздық жасады деп айып тақпайтынын айтқанымен, америкалық көмектің жоқтығына қынжылатынын мәлімдеді.

«Мен өз сезімімді айтып отырмын. Бұл қолдау емес», – деді ол.

Wall Street Journal газеті қазан айының ортасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Зеленскийдің қарым-қатынасы 2025 жылдың ақпанында Ақ үйде болған сөзталастан бері ең төменгі деңгейде тұрғанын атап өтті. Ақ үй басшысы Украинаға жаңа көшбасшы қажет деп есептейді.