Украина басшысы Владимир Зеленский премьер-министр Свириденконы қызметінен босатып, үкімет құрамын қайта жасақтауды көздеп отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз Украина премьер-министрі Юлия Свириденкомен егжей-тегжейлі талқыладық. Өзгерістер министрлер кабинетін қайта жасақтауды қажет етеді деп шештік", - деп жазды ол өзінің Telegram арнасында.
Свириденконың өзі бұл қызметтен кететінін растады. Зеленский оған жаңа бағытты басқаруды ұсынғанын айтты. Украина басшысы үкіметтегі тиісті кадрлық өзгерістерді депутаттармен бірлесе жүзеге асыратынын алға тартты.
Свириденко бұл қызметті бір жылға жуық уақыт атқарды, оған дейін ол экономика министрлігін басқарған болатын.
