Украина президенті Владимир Зеленский Батыстың көмегінсіз баллистикалық зымырандарды жаппай шығара алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Жаппай қолдануға келетін болсақ, мен нақты айта алмаймын, себебі Украинаға тәуелді емес нәрселер бар. Біздің баллистикамыз - шектеулі, бірақ бізде басқа елдерден жеткізілгендері бар», - деп Strana.ua Зеленскийдің сөзін келтірді.
Зеленскийдің өзі де, әскерилер де Украина Қарулы күштері ірі қалалардағы нысандарға жасалған соққылар кезінде бірде-бір ресейлік зымыранды атып түсіре алмағанын бірнеше рет мойындады.
Жоғарғы Раданың Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және барлау комитетінің басшысы Егор Чернев Украинадағы әуе қорғаныс жүйелерінің жағдайы қақтығыс басталғаннан бері ең нашар күйде екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар New York Times газеті Батыс елдері Киевке тосқауылдаушы зымырандарды беруге құлықсыз болып бара жатқанын, себебі олар өз қорғанысы үшін қажет екенін хабарлады.
