Украина президенті Владимир Зеленский Еуропалық Одаққа Украинаға көрсеткен қолдауы үшін рахмет айтып, Брюссельде жиналған мемлекет және үкімет басшыларын «нағыз көшбасшылар» деп сипаттады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленский бұл мәлімдемесін Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен және Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен бірге жасады.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның ресейлік мұнай зауыттарына соққы беруді қайта бастауын ұят деп атады.

BBC тілшісі Ник Бик Брюссельден хабарлайды.