Украина басшысы Владимир Зеленский Батыс елдерін Украинаға әуе қорғанысы құралдарын жеткізгісі келмесе, онда Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірлеуге шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында: "Қазір тосқауылдаушы зымырандарды жеткізуге дайын емес серіктестер жаңа санкциялар әзірлеу арқылы қарқынды түрде көмектесе алады", – деп жазды.
Бұған дейін, 1 тамызда Зеленский Батысты қоймаларда бар болғанына қарамастан, Patriot жүйелеріне арналған зымырандарды жеткізбей отырғаны үшін сынаған болатын. Оның айтуынша, АҚШ пен Еуропа елдері Украинаға қандай оқ-дәрілер қажет екенін біледі, алайда оларды беру үшін "саяси шешім қажет".
