Украина басшысы Владимир Зеленский Батыс елдерін Patriot жүйелеріне арналған зымырандарды жеткізіп беруге үндеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Әлемде Patriot жүйелеріне арналған зымырандар бар. Маңыздысы – серіктестердің қажетті көмек пакеттерін беру туралы саяси шешім қабылдауы. Еуропа да жақсы біледі», – деп жазды ол Telegram каналында.
Оның айтуынша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері «қоймаларда жатып қалмауы керек».
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Киевке оқ-дәрілер тиелген кез келген жөнелтім Мәскеу үшін заңды нысана болатынын мәлімдеген.
