Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың Украинаға бұрын келісілген 16 млрд доллар көлеміндегі қаржылай көмекті бермей отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Зеленский бұл туралы TSN телеарнасына берген сұхбатында айтты.
«Бұған дейінгі келісімдер мен қабылданған шешімдер аясында 16 млрд доллар көлеміндегі көмек тоқтатылып, берілген жоқ», – деді Зеленский.
2025 жылдың қараша айының соңында Ақ үйдің өкілі Кэролайн Левитт Вашингтон Украинадағы қақтығысты қаржыландыруды тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Алайда НАТО желісі арқылы қару-жарақ сатуды жалғастырып келеді.
Трамп бұған дейін АҚШ-тың Украинаға бұдан былай қаржылай көмек көрсетпейтінін, керісінше, НАТО арқылы қару-жарақ жеткізгені үшін ақы алатынын бірнеше рет мәлімдеген.
