Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ-тағы Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған оқ-дәрілердің бес пайызын берсе, Украина қыстан шығатынын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Зеленский CNN-ге берген сұхбатында: "Зымыран алу үшін қандай да бір келісімге келуге тырысып жатырмын", – деді.
Бұған дейін Financial Times АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийдің Patriot жүйелеріне арналған тосқауылдаушы зымырандарды беру туралы өтінішінен бас тартқанын хабарлаған. Ақ үй басшысы бұл шешімін зымыран тапшылығымен байланыстырып түсіндірді.
12 тамызда Reuters Трамп бұл келісімге қатысты күмән келтіргеніне қарамастан, АҚШ-та Украинаға Patriot жүйелеріне арналған зымырандарды өндіруге лицензия беру мәселесі талқыланып жатқанын хабарлады.
