Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметін жалғастыру мақсатында кеңес өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұмыс тобының қызметі шеңберінде сарапшылар мен бейінді институттар жүйені жаңғыртуға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық тәсілдерді ұсынды:
- 01Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) табыс пен еңбек өтіліне қарай әлеуметтік төлемді енгізуді ұсынады.
- 02Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) "4+1" үлгісін ұсынды, ол бойынша жарналардың 4%-ы жеке шотқа және 1%-ы сақтандыру құрамдас бөлігіне түседі.
- 03Сенат депутаты Амангелді Нұғманов зейнеткерлікке шығу үшін міндетті 40 жылдық еңбек өтілін белгілеуді ұсынды.
Аталған тәсілдерді талқылауға беделді сарапшылар, оның ішінде БҰҰ жанындағы Астанадағы мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, сондай-ақ Болат Жәмішев, Ораз Жандосов пен Елена Бахмутова қатысып жатыр.
