Қазақстанда «2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы жарияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жобаға сәйкес, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі өзгерістер енгізіледі:

  • 01Ең төменгі жалақы өзгермейді және 85 000 теңге болады.
  • 02Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 693 теңгені құрайды (қазіргі уақытта – 4 325 теңге).
  • 03Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 38 622 теңге болады (қазір – 35 596 теңге).
  • 04Зейнетақының ең төменгі мөлшері 74 919 теңге болады (қазір – 69 049 теңге).
  • 05Күнкөріс минимумы 55 173 теңге болады (қазір – 50 851 теңге).

Бұл әзірге заң жобасында ұсынылған мөлшерме екенін ескеру қажет.