Қазақстандық спортшы Зарина Толыбай U19 санатында әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр. Аса ауыр салмақтағы Зарина Толыбай шешуші кезеңде Самира Итониевамен (Ресей) айқас өткізіп, 4:1 есебімен басым түсті.
Заринаның финалға дейінгі жолы:
- 011/4 финал: Френцис Таафаки (Тувалу) – 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
- 021/2 финал: Мирей Догру (Түркия) – 5:0 есебімен жеңіс.
Айта кетейік, отандасымыз шілде айында ғана Джакартада (Индонезия) өткен U19 Азия чемпионатында топ жарған болатын.
