Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Тагил ауылдық округінде суға кеткен екі балықшы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, балықшылардың қайығы аударылып кеткен. Үш адам қайыққа отырып, балық аулауға шыққан.

Қатты желдің салдарынан қайық аударылған. 1968 жылы туған балықшылардың бірі өздігінен жүзіп жан сақтаған. Оны жергілікті тұрғындар құтқарды, деп хабарлайды департамент.

Департаменттің мәліметінше, 1968 және 1995 жылы туылған екі адам суға батып кеткен. Оларда құтқару кеудешелері болмаған.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД күштері мен құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, қайықтар, жүзу құралдары және суасты дрондары жұмылдырылған.

Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.