Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ пен Түркияның Киевке қару-жарақ жеткізу жоспарлары туралы хабарламаларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"АҚШ пен Түркия билігі Украинаға қару-жарақ жеткізу жоспарын қандай оймен бастама еткісі келіп отырғаны түсініксіз", - делінген министрліктің сайтында жарияланған түсініктемеде.
Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі бұл Украина дағдарысын шешуде ерекше рөл атқаратын, саяси және дипломатиялық шешім табуды басымдық ретінде жариялайтын елдерге қатысты екенін хабарлады.
АҚШ Конгресінің ресми құжаттарына сәйкес, Мемлекеттік департамент Украинаны Түркияда сақталатын америкалық қару-жарақ жүйелерін, соның ішінде MLRS жаппай атуға арналған реактивті жүйенің іске қосу қондырғыларын және ATACMS баллистикалық зымырандарын беру туралы хабардар етті.
Бұл жеткізулерді түріктің MKE, ASFAT және ARCA Savunma жеке компаниялары, болгариялық VTIC International Ltd. жеке компаниясы және америкалық Pansophico және Patriot Defense Group жеке компаниялары арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
