Запорожье атом электр станциясының (ЗАЭС) коммуникациялар жөніндегі директоры Евгения Яшина РИА Новостиге берген мәліметінше, МАГАТЭ инспекторлары станцияның жедел персоналына жасалған шабуыл туралы хабардар етілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Яшинаның айтуынша, МАГАТЭ инспекторлары тағы бір шабуыл туралы хабардар болды. Станцияның баспасөз қызметі сенбі күні хабарлағандай, украиналық дрон ЗАЭС-тің жедел қызметкерлерінің қызметтік көлігіне шабуыл жасады. Ешкім зардап шеккен жоқ, алайда қызметкерлердің көлігі зақымданды.

Бұл оқиға Украинадағы ресейлік арнайы әскери операция аясында болып отыр. Бұған дейін де украин дрондары ЗАЭС ғимаратына соққы жасаған болатын.