ЮНЕСКО Қазақстан халқын Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Домбырада күй тарту өнері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне кіреді. ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет мәселелері жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файез: "Бұл бірегей музыкалық дәстүр адамдарды өз тарихымен, бірегейлігімен және бір-бірімен байланыстырады. ЮНЕСКО Қазақстандағы домбыраға деген ерекше көзқарасты жоғары бағалайды және осы баға жетпес мұраны сақтау мен ұрпақтан-ұрпаққа беруге бағытталған күш-жігерді құптайды", – деді.

Айта кетері, екі жыл бұрын ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде осы тарихи оқиғаның 10 жылдығына арналған мерейтойлық мәдени шара ұйымдастырылған болатын.