Yandex Qazaqstan компаниясы Яндекс Go қосымшасындағы «Помогаем вместе» қайырымдылық механизмінің алғашқы нәтижелерімен бөлісті. Пайдаланушылар мен компанияның қайырмалдықтары педагогтар жетіспейтін мектептерге мұғалімдерді тартуға, Ақмола облысында аутизмі бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинетін құруға және робототехника мен бағдарламалау мұғалімдерін даярлауға көмектесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоба аясында үш ұйым қолдау алды: Teach for Qazaqstan, Bolashak Charity және Robotek Foundation, олар Қазақстанның өңірлеріндегі балаларға арналған білім беру жобаларын дамытады.
Жиналған қаражаттың нәтижелері
Жиналған қаражат педагогтар жетіспейтін мектептерге жаңа мұғалімдерді тартуға мүмкіндік берді. Мәселен, Қарағанды облысында Teach for Qazaqstan жобасының үш қатысушысы қазірдің өзінде сабақ беріп жүр: екі жыл ішінде олар 500-ден астам оқушыны оқытады. Олардың шәкірттері халықаралық жобаларға қатысып, ағылшын тілінде сөйлеп, білім гранттарын алып, олимпиадаларда жеңімпаз атануда.
Bolashak Charity қоры Ақмола облысындағы Ақтан Төлеубаев атындағы мектепте инклюзияны қолдау кабинетін құруға қайырмалдықтар жіберді. Онда менталды даму ерекшеліктері бар оқушылар түзету педагогтарымен жеке сабақ ала алады.
Robotek Foundation робототехника мен бағдарламалау бойынша он мұғалімді даярлады. Олар жыл сайын 300-ден астам оқушыны инженерлік дағдыларға үйретіп, оларды республикалық және халықаралық жарыстарға дайындай алады.
«Помогаем вместе» механизмі қалай жұмыс істейді
«Помогаем вместе» қайырымдылық механизмі 2025 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Ол пайдаланушыларға жай ғана сапарлар жасап, жеткізуге тапсырыс беру арқылы тұрақты түрде қаражат аударуға мүмкіндік береді. «Помогаем вместе» бөлімінде пайдаланушы 10 теңгеден 1000 теңгеге дейінгі қайырмалдық сомасын таңдайды. Осыдан кейін таңдалған сома банк картасымен төлеу кезінде Такси және Доставка қызметтеріндегі әрбір тапсырыс құнына автоматты түрде қосылады. Yandex Qazaqstan жиналған қаражатты екі еселендіріп, оны «КАМЕДА» қорына жібереді, ол оларды Teach for Qazaqstan, Robotek Foundation және Bolashak Charity қорлары арасында тең бөліктерге бөледі.
Қолжетімділік
Қазір «Помогаем вместе» Қазақстанның 25 қаласында қолжетімді – Такси және Доставка қызметтері бар жерлерде. Жазылымды экранның сол жағындағы мәзірде кез келген уақытта өшіруге болады.
