Microsoft Xbox консольдерінің бағасын тамыз айынан бастап әлемдік нарықта көтеретінін хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағаның өзгеруі Xbox Series X және Xbox Series S модельдеріне әсер етеді. Компания бұл шешімді экономикалық факторлармен, соның ішінде инфляция мен өндіріс шығындарының өсуімен байланыстырады. Нақты баға өзгерістері әр аймаққа байланысты әр түрлі болады.