Еуроодақ Украинадағы қарулы қақтығыс тоқтамайынша, Ресейге қарсы санкцияларды алып тастамайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Ол Брюссельде Украина президенті Владимир Зеленский мен Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта қатысқан кездесуде ЕО-ның Ресейге қарсы санкциялық саясаты жалғасатынын айтты.
22-пакет бойынша жұмыс
"Біз санкциялардың 22-пакеті бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бір нәрсені нақты айтуға болады: Ресей қақтығысты тоқтатпайынша, бірде-бір санкцияны алып тастамаймыз", – деді фон дер Ляйен.
Оның айтуынша, Брюссельдегі саммитте алдағы қыс мезгілінде Украинаға қолдау көрсету мәселесі де талқыланады.
Қаржылық және әскери қажеттіліктер
Сонымен қатар ЕО басшылары Украинаның 2026 және 2027 жылдарға арналған қаржылық, бюджеттік және әскери қажеттіліктерін қарастырады.
Бұған дейін, сенбі күні ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас Украинадағы қақтығыс басталғалы бері Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакетін қабылдау жоспарланып отырғанын мәлімдеген.
