«Ульба металлургиялық зауыты» (УМЗ) басқарма мүшелерінің 2025 жылғы сыйақысы 230,4 млн теңгені құрады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға төмен, өйткені ол кезде басшылыққа 252,1 млн теңге бөлінген еді.
Алайда бір басқарма мүшесіне шаққандағы орташа төлем айтарлықтай өскен. 2024 жылы жеті топ-менеджер орта есеппен 36 млн теңгеден алса, 2025 жылы бес басқарма мүшесі әрқайсысы 46,1 млн теңгеден табыс тапқан. Өсім шамамен 28%-ды, яғни бір адамға 10,1 млн теңгені құрады.
Соңғы бес жылда УМЗ басшылығына төленетін сыйақы шығындары 70%-дан астамға өсті. 2020 жылы бес басқарма мүшесі барлығы 135,2 млн теңге алса, 2025 жылы бұл сома 230,4 млн теңгеге жеткен. Осылайша, осы кезеңде төлемдер 95,2 млн теңгеге өскен.
Бір басқарма мүшесіне шаққандағы орташа сыйақы да артқан. 2020 жылы ол 27 млн теңге болса, 2025 жылы 46,1 млн теңгеге жеткен.
УМЗ басқарма мүшелеріне төленетін төлемдердің жылдар бойынша көрсеткіштері:
Ульба металлургиялық зауытының жалғыз акционері — «Казатомпром» ұлттық атом компаниясы.
Зауыттың 2025 жылғы таза пайдасы 6,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 3,4 млрд теңгеге төмендеген.
«Ульба металлургиялық зауыты» Өскеменде орналасқан және ядролық отын, сондай-ақ бериллий, тантал және ниобий бұйымдарын шығарады.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстанның Ауғанстандағы кен орындарын игеруге қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған.
