Украинаның Жоғарғы Радасы «Нафтогаз Украина» компаниясының басшысы Сергей Корецкийді елдің жаңа премьер-министрі етіп тағайындады. Парламент отырысы YouTube-тегі «Рада» арнасында көрсетілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Корецкийдің кандидатурасын 289 депутат қолдады. 14 шілдеде Жоғарғы Рада премьер-министр Юлия Свириденконы қызметінен босатқан болатын. Соның нәтижесінде ел үкіметі толық құрамда отставкаға кетті.
Сергей Корецкий президент Владимир Зеленскийдің серіктесі Тимур Миндичке жақын тұлға саналады.
