АҚШ Украинадағы қақтығысты тоқтатуға ден қойып отыр, деді Мемлекеттік хатшы Марко Рубио. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Украинаға келетін болсақ, қазір біз мүмкін болса, қақтығысты тоқтатуға ден қойып отырмыз», — деді ол сапармен барған Исландияда тілшілерге жауап беріп.

Сонымен қатар Марко Рубио Украинаның НАТО-ға қосылу мүмкіндігі күн тәртібінде жоқ екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Украинаның НАТО-ға мүшелігі күн тәртібінде жоқ», — деді ол тілшілерге.

Ол АҚШ Украинадағы қақтығысты тоқтатуда сындарлы рөл атқаруға дайын екенін жеткізді.