Украинаның мемлекеттік қарызы соңғы 20 жылда 130 есеге өсіп, 212,6 миллиард долларға жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

РИА Новости талдаған статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2006 жылдың қыркүйегінен бері Украинаның сыртқы және ішкі мемлекеттік қарызы 130 есеге артқан.

«2026 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз көлемі 9 538,35 миллиард гривнаны немесе 212,6 миллиард долларды құрады», — делінген елдің Қаржы министрлігінің ақпараттық анықтамасында.

Украина мемлекеттік статистика қызметінің мәліметінше, 2006 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша елдің сыртқы және ішкі мемлекеттік қарызы 73,288 миллиард гривнаны құраған.

Елдің 2027 жылға арналған бюджет жобасында тапшылық 37 миллиард доллар болады деп болжанып, қарыз алу көлемін 276 миллиард долларға дейін ұлғайту көзделген. Сонымен қатар, Украина Қарулы күштерін қаржыландыруға 108,3 миллиард доллар бағыттау жоспарланған.