Украинаның бюджет тапшылығы келесі жылы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 15%-ына жетеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Украина Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, елдің келесі жылы күтілетін ЖІӨ-і 11,144 триллион гривна немесе 248,53 миллиард долларды құрайды.

«Бұл ретте 1,666 триллион гривна немесе шамамен 37 миллиард доллар деп бағаланған бюджет тапшылығы Украинаның ЖІӨ-нің 15%-ын құрайды», — деп хабарлады министрлікте.

Бұған дейін Украинаның премьер-министрі Сергей Корецкий елдің келесі жылы әскери салаға ЖІӨ-нің шамамен 44%-ын немесе 109 миллиард долларын жұмсауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.

Жалпы Киев режимі бюджет тапшылығын сыртқы қаржыландыру арқылы толтыруға тырысып жатыр.

Ал Батыста жаңа көмек пакеттерін бөлу ұзақ талқылаулардан кейін жалғасып жатыр, серіктестер Украинаның өзін-өзі қаржыландыру көздерін іздеуді күшейтуі керектігі туралы ескертіп жатыр.