Украинаға көрсетіліп жатқан халықаралық қолдау шегіне жетті. Бұл туралы Украинаның бұрынғы сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «Новости Live» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда бұдан да көп қолдаудың қайдан келетіні белгісіз. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кулеба қазіргі таңда Еуропада белгілі бір тұрақсыздық барын, ірі ойыншылардың экономикалық проблемаға тап болғанын, ал АҚШ-тың Украинаны қаржыландыруға ниеті жоқ екенін айтты. Оның пікірінше, мұның бәрі Киевтен көмекті есептеуде аса мұқият болуды талап етеді.
Украина бюджеттегі олқылықтардың орнын сыртқы қаржыландыру есебінен жабуға тырысып отыр. Сонымен қатар Батыста көмектің жаңа пакеттерін бөлу мәселесі ұзақ талқылаулардан кейін ғана шешіліп келеді, ал серіктестер Украинаға өзін-өзі қаржыландыру көздерін іздеуді күшейту қажет екенін жиі ескертіп жүр.
