Украинадағы бейбіт процесті ілгерілетуге әлі де мүмкіндік бар. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің ресми өкілі Стефан Дюжаррик журналистерге берген жауабында осылай деді.
«Украинада бейбітшілік орнатуға әлі де мүмкіндік бар. Біз бұл мүмкіндік жойылды деп ойламаймыз», — деді Дюжаррик.
Бас хатшының өкілі бұл қақтығысты дипломатиялық диалог арқылы реттеу қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Гутерреш Украинадағы қақтығысты реттеуге жәрдемдесуді жалғастырады. Бұл туралы 30 қыркүйекте хабарланған болатын.
