Украина жыл соңына қарай қолындағы жарамды F-16 жойғыш ұшақтарының барлығынан айырылып қалуы мүмкін. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта Украинадағы F-16 ұшақтарының жартысынан көбі техникалық қызмет көрсетуге байланысты пайдаланылмай тұр.
«Ұшақтарды пайдалану мен жөндеу қазіргі қарқынмен жалғасатын болса, қалған ұшақтар да жыл соңына қарай пайдалануға жарамсыз күйге түсуі мүмкін», - деп жазды журнал.
Бельгияда жойғыш ұшақтарды жөндеуге 40 аптаға дейін уақыт кетіп жатыр.
АҚШ Әуе күштерінің отставкадағы офицері Дэвид Дептула Украинаның F-16 ұшақтарына жедел техникалық қызмет көрсете алмауы әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласында дағдарысқа айналып келе жатқанын айтты.
Бұған дейін, 17 қыркүйекте, The Economist журналы Украина Ресейдің реактивті қозғалтқыштары бар дрондарына қарсы пайдаланып жүрген F-16 және МиГ-29 жойғыштарының жиі шетелде жөндеуде болатынын хабарлаған.
