Украина үкіметі қорғанысқа қатысы жоқ бюджет қаражатын қатаң үнемдеуге көшеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ел премьер-министрі Сергей Корецкий Жоғарғы Рададағы сөзінде: "Үкімет қорғаныс қажеттіліктеріне арналмаған бюджет қаражатын қатаң үнемдеу режимін енгізеді. 2027 жылға арналған бюджетті әзірлеу кезінде де бюджеттегі әрбір гривнаны барынша тиімді әрі үнемді жұмсау қағидатын басшылыққа алуымыз керек", – деді.
Оның айтуынша, Украина үкіметі қорғаныс саласына бағыттауды жоспарлап отырған 70 млрд гривна (1,57 млрд доллар) қаражатты қазірдің өзінде тауып қойған.
