Фото: Ефрем Лукацкий / AP
Украина Дональд Трамптың әкімшілігі әзірлеген бейбітшілік жоспарының шарттарына келісетінін хабарлады, деп жазады qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
«“Украина Женевадағы АҚШ-пен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде жеткен бейбітшілік бойынша негізгі келісімді қолдайды”, – деп мәлімдеген украиналық дереккөздердің бірі.»
—
Агенттіктің дерегінше, жоспардың кейбір тармақтары әлі де жетілдіруді қажет етеді және олар АҚШ пен Украина президенттері арасында талқылануда.
АҚШ бейбітшілік жоспары Киевке 20 қарашада ұсынылды. Бастапқы шарттардың арасында – Украина НАТО-ға кірмеуі, Қырымды, Донецк пен Лугансты Ресейге тиесілі деп тану бар. Айта кетейік, бастапқы құжат 28 тармақтан 19 тармаққа дейін қысқарды.